Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова 29 сәуірде шыққан №21 қаулысында мәлімдеді.
Құжатқа сәйкес, шетел асып ел шекарасын аттаған әрбір азаматқа жүктелетін жауапкершілік бар. Яғни ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруден өтуге міндеттеледі.
Сонымен қатар қаулының 3-қосымшасына сәйкес шетелден келген әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша 72 сағаттың ішінде коронавирус инфекциясына қарсы зертханалық тексеруден өтуге міндетті. Сондай-ақ дене қызуы көтеріліп немесе ауру белгілері байқалған жағдайда шетелден келгені туралы хабардар ете отырып, COVID-19 Call-орталығына дереу хабарласу немесе жедел жәрдем шақыру қажет, - делінген құжатта.
Сонымен қатар мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының құзыреті шегінде қойған заңды талаптары мен қаулыларын орындауы шарт. Қаулыда билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктің бар екендігі ескертілген.