Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай шекарасынан сыртта коронавирустан бір адам қайтыс болды.
Өлім Филиппинде тіркелді. 44 жасында қайтыс болған ер адам Уханнан келген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Филиппиндегі бөлімі Twitter-інде жазды.
Ол Филиппинде коронавируспен ауырған екі адамның бірі болған. 1 ақпан күні көз жұмды.
Қазір Қытайда 13846 адам коронавирус жұқтырған, 304 адам қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың өршуін халықаралық мәні бар төтенше жағдай деп жариялады.