Коронавирус: Сырқаттанған қазақстандық Сеулден 13 наурызда келген

15 Наурыз 2020, 16:24
1436
Бөлісу:
Коронавирус: Сырқаттанған қазақстандық Сеулден 13 наурызда келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік Кореядан коронавирус жұқтырған 1995 жылғы азамат Сеул-Алматы рейсімен 13 наурызда келген. Ол борттағы барлық жолаушымен бірге карантинге жатқызылған.

Ол борттағы барлық жолаушылар сияқты 14 күндік карантинге арналған провизорлық стационарда бірден оқшауланған. Науқастармен жақын байланыста болған барлық адамдар карантинге орналастырылды. Бұған дейін хабарланғандай Германиядан келген үш пациент бар. Төртіншісі Мәскеу-Алматы рейсімен келді.  Қазіргі уақытта 4 пациенттің жағдайы – қанағаттанарлық, екеуінің ауырлығы – орташа.  Олардың барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Дер кезінде вирусқа қарсы және симптоматикалық басталды. Қалалық барлық медициналық ұйымдарының коронавирусты анықтау және емдеу үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қажетті қорлары бар екенін атап өту қажет. Медицина қызметкерлері қатаң сақтық шараларын сақтауда, - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Өзгелердің жаңалығы