Коронавирус: Сақтансаң - Құдай сақтайды

4 Наурыз 2020, 15:00
2406
Бөлісу:
Коронавирус: Сақтансаң - Құдай сақтайды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Егер ыстығыңыз көтеріліп немесе тұмаумен ауырып жүрсеңіз мешітке, жұма намазға бармай тұра тұрғаныңыз жөн. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай коронавирус тақырыбына арналған брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, адам денсаулығы дінімізде де, дәстүрімізде де адамға берілген аманат. Сондықтан оған үлкен жауапкершілікпен қарау қажет.

Бізге берілген әрбір аманаттан ертеңгі  күні Алла Тағаладан сұралады. Құран Кәрімде де денсаулықты сақтау жөнінде айтылған. Ислам ғұламалары да адам баласының өз денсаулығын сақтауына міндетті екенін айтқан. Адам денсаулығына аманат ретінде қарау керек, денсаулығына қиянат келтіруі мүмкін әрбір әрекеттен, жағдайдан сақтануы керек. Денсаулыққа зиянды нәрселерді қабылдауға да біздің дінімізде тиым салынған. Оның ішінде ішімдік ішуге толығымен тиым салынған,-дейді бас имам. 

Ол сондай-ақ дінімізде адамның денсаулығы нашарлап тұрса оразаны ұстамауға рұқсат етілетінін айтып өтті.
Егер адамның денсаулығы мүлде нашар болса оразасының орнына тек садақа берумен шектелуге кеңес береді. Мұның барлығы денсаулықтың аманат екенін, оған жауапкершілікпен қарау керектігін көрсетеді. Қазір біз жұма намазға немесе мешітке келмеңдер деп айтып жатқанымыз жоқ. Дегенмен, денсаулығыңыз сыр беріп, ыстығыңыз көтеріліп немесе тұмаумен ауырып жүрсеңіз әрине ешқайда шықпағаныңыз жөн. Бұл діни тұрғыдан да, адами тұрғыданда міндетті нәрсе,-деді ол.
Өзгелердің жаңалығы