Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Польшадан ұшып келген әйел қазір жалғыз өзі бір бөлмеде карантинде жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
Ол келген ұшақтың бортында 86 адам болған.Нұр-Сұлтанда тіркелген екінші жағдайға байланысты айтатын болсам, Қазақстан азаматынан осыдан бірнеше минут бұрын тіркелді. Қазір ол карантинде жалғыз бөлмеде жатыр. Ол транзит арқылы келген. Яғни, Германиядан Польша арқылы ұшып келген, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Лабораториялық жұмыстардың қорытындысы жарияланады және онымен контакт жасаған азаматтар тексеріледі.
Дәл қазір Қазақстанда 6 адамда коронавирус расталды. Олардың екеуі Нұр-Сұлтанда, 4-еуі Алматы қаласында тіркелген.