Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты бетперде киюге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус көптеген елде бірнеше апта ішінде сырқаттар санының артуына байланысты барлығын бетперде киюге және COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды.
COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар, - деп жазды Тедрос Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Осыған байланысты ол барлығын COVID-19-ке тест тапсыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.
Жұқпалы аурудан сақтану үшін маска киіп, қашықтықты сақтаңыз. Өзіңіз вакцина алыңыз және жақындарыңыз COVID-19 пен тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз, - деді ДДҰ басшысы.