Коронавирус планетаның климаттық мәселелерін шешуге көмектеспейді

20 Мамыр 2020, 12:38
1464
Бөлісу:
Коронавирус планетаның климаттық мәселелерін шешуге көмектеспейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологтардың айтуынша, бұл көрсеткіш теңізге тамған тамшыдай ғана.

Ослодағы халықаралық климаттық зерттеулер орталығы атмосферадағы парниктік газдар құрамының рекордтық деңгейге төмендеу фактісін тіркеді, деп хабарлайды ru.euronews.com.

Тек сәуір айында CO2 шығарындылары 17%-ға төмендеген. Жыл соңына қарай, болжам бойынша, бұл көрсеткіш 7%-ды құрауы мүмкін. Халықаралық және үкіметтік бағдарламалардың ешқайсысы бұрын-соңды мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.

Экологтардың айтуынша, бұл көрсеткіш теңізге тамған тамшыдай ғана. Коронавирус планетаның климаттық мәселелерін шешуге көмектеспейді.

Халықаралық климаттық зерттеулер орталығының қызметкер Глен Питерс атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясын азайту үшін шығарындылар көлемін нөлге жеткізу керек екенін айтады.
Температура соңғы 100-200 жылмен салыстырғанда, шамамен бір градусқа ғана көтерілді. Сондықтан, бір жыл бойы парниктік газдар деңгейінің төмендеуі жалпы проблемаға әсер ете алмайды. Атмосферадағы температураны орташа деңгейге түсіріп, көмірқышқыл газы концентрациясын азайту үшін шығарындылар көлемін нөлге жеткізу керек, - дейді ол.

Әлем елдеріндегі түрлі қалалар оқшаулану режимі біртіндеп алына бастағалы бері, түтінге тұншыққан бұрынғы жағдайына қайта келе бастады. Миллиондаған көліктер қала көшелеріне қайта шықты. Ал, ғалымдар саясаткерлерді карантин шаралары тәжірибесін мұқият пысықтап, кейбір талаптарды сақтап немесе тағы біраз созу мәселесін қайта қарауға шақыруда.

Ғалымдардың мәліметінше, ауасы жақсы тазарған елдің бірі – Қытай. Одан кейін АҚШ, және Еуропа елдері тұр. Ал, Үндістанда карантин ауаның тазаруына аса әсер ете қоймаған.



Өзгелердің жаңалығы