Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 5 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
5 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 836 адам коронавирус инфекциясынан (26 662 КВИ+ және 1 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 354 пациент стационарда, 17 482 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 452 адамның жағдайы ауыр;
• 117 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.