Коронавирус: Павлодардағы науқастың жағдайы қанағаттанарлық

12 Сәуір 2020, 18:50
1343
Бөлісу:
Коронавирус: Павлодардағы науқастың жағдайы қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус жұқтырған тағы бір жаңа жағдай анықталды.

Павлодар облысында КВИ жұқтырудың жаңа жағдайы 12 сәуір күні тіркелді. Инфекция 1979 жылы туылған Екібастұз тұрғынында анықталды. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласынан келісімен үй карантиніне жіберілген. 10 сәуір күні Екібастұз қаласының №1 емханасының медициналық қызметкерлері бақылаудағы ер адамның жағдайын білгенде, одан дене қызуының көтерілуі, әлсіздік сияқты сырқат белгілерін анықтаған. Сол күні ер адам ШЖҚ "Екібастұз қалалық ауруханасы" КМК-нің уақытша бөлімшесіне жатқызылған. Қазір науқас жұқпалы аурулар госпиталінде. Оның жағдайы қанағаттанарлық, – делінген хабарламада.

Қарым-қатынас жасасқан тұлғалар анықталды, оларды оқшаулау бойынша жұмыстар жасалуда.

Бүгінге дейін Павлодар облысында КВИ ауруын жұқтырған 10 жағдай анықталды. Оның ішінде бір науқас сауығып шықты және біреуі көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы