Коронавирус: Павлодарда анықталған науқастың жағдайы қалыпты

27 Наурыз 2020, 16:50
1664
Бөлісу:
Коронавирус: Павлодарда анықталған науқастың жағдайы қалыпты

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды. Осыған орай Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Біржан Досмайылов брифинг өткізді.

27 наурызда Павлодар облысының 1988 жылғы тұрғынында коронавирус инфекциясы анықталды. Ер азамат бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен байланысқа түскен. Пациент бекітілген алгоритмге сәйкес инфекциялық госпитальға жатқызылды, - деді ол. 

Қазіргі уақытта пациенттің жалпы жағдайы қалыпты, температурасы тиісті деңгейде. Ол өзін жақсы сезінеді. Ер азаматпен байланысқа түскен адамдар анықталды, қажетті эпидемияға қарсы шаралар қолдануда деп атап өтті. 
Өзгелердің жаңалығы