Коронавирус пандемиясы қайта орын алуы мүмкін – Ажар Ғиният

28 Сәуір 2022, 13:11
5049
Бөлісу:
Коронавирус пандемиясы қайта орын алуы мүмкін – Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, коронавирус  індеті елде толықтай басылған жоқ. 

Бұл коронавирус инфекциясының жаңа мутацияларының, жаңа штамдарының пайда болуына байланысты. Бүгінгі таңда Қытайда «омикрон», «стелс-омикрон» өршіп тұр. Тәулігіне 30 мыңдай адам ауырып жатыр. Олар қатаң шаралар қабылдады. Біз де жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Ай сайын оң нәтиже көрсеткен ПТР-сынамаларын «омикрон» мен «омикронның» басқа түрлеріне қатысы бар-жоғын тексереміз. Диагностика бар. Оны зерттеп, қарап жатырмыз. Егер коронавирус инфекциясының қандай да бір жаңа түрі пайда болса, ол аурудың қайта өршуіне әкелуі ықтимал немесе бүгін біздің халқымызда қалыптасқан ұжымдық иммунитет құтқаруы мүмкін. Ұжымдық иммунитет жағдайында ол тұмау секілді өтеді, - деді министр. 

Сонымен қатар ол індетті ДДСҰ толықтай бақылауға алғанын алға тартты. 

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың штамының жаңа түрі қауіпті ме, жоқ па, нақты айта алмайды. ДДСҰ жағдайды бақылап, мониторинг жүргізіп жатыр. Ұйым жағдай бірмәнді емес екендігін айтты. Ол әлі тексеріледі. Пандемия аяқталған жоқ, - деп түсіндірді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы