Коронавирус. Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында 1103 жағдай тіркелді

3 Наурыз 2021, 09:41
1536
Бөлісу:
Коронавирус. Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында 1103 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 1103 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 (23,8%) жағдай анықталып отыр. Қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында 840 (76%) жағдай тіркелген, - деді ол.

Сархат Бейсенова брифинг барысында елордада 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлері, 1 наурыздан бастап педагогтар мен күштік құрылым қызметкерлерін вакцинациялау басталғанын атап өтті.

Бүгінде бірінші компонент бойынша 2 мыңнан астам, екінші компонентпен 800-ден астам адам қамтылған. Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайда Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті вирустың ошағын белгілеу бойынша зерттеу жүргізіп, жақын қарым-қатынаста болғандарды анықтайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы