Коронавирус. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады – Тоқаев

12 Наурыз 2020, 11:48
2977
Бөлісу:
Коронавирус. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялауына қатысты пікір білдірді.

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс, - деді президент өзінің твиттердегі парақшасында.

Оның айтуына қарағанда қиыншылықты бірлессек қана жеңе аламыз.

Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы