Коронавирус: науқас дәрігерлерге өзі хабарласқан

24 Наурыз 2020, 13:01
7681
Бөлісу:
Коронавирус: науқас дәрігерлерге өзі хабарласқан

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін елордада коронавирус жұқтырғаны анықталған науқастардың бірі медицина ұйымдарына өзі хабарласқан. Бұл туралы Coronavirus2020.kz хабарлады.

Коронавирус жұқтырған бірінші пациент 2 наурыз күні Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсірілген. Лондонда бір ай оқуда болған азамат елордаға келісімен бірден карантиндік стационарға оқшауланған. Қазіргі уақытта ол инфекциялық стационарда жатыр.

Пациенттің ешқандай шағымы, клиникалық өзгерістері жоқ, дене қызуы норма шегінде. Науқаспен жақын байланыста болғандардың барлығы инфекциялық стацонарға оқшауланды. Қазіргі уақытта онымен ұшақ бортында жақын байланыста болғандар анықталып жатыр.

Екінші пациент әйел - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Ол 21 наурыздан бастап дене қызуының көтерілуіне орай медицина мекемелеріне өзі хабарласып, 22 наурыз күні инфекциялық стационарға жатқызылған. Зертханалық зерттеулер жүргізіліп, 24 наурыз күні сынама нәтижесі пациентте коронавирустың бар екенін анықтаған. Пациенттің ешқандай шағымы, клиникалық өзгерістері жоқ, дене қызуы норма шегінде. Онымен тығыз қарым-қатынаста болғандарды анықтау жүргізілуде.

Коронавирус анықталған 34 пациенттің 33-інің денсаулығы қанағаттанарлық, дене қызулары норма шегінде. Бір пациенттің жағдайы тұрақты ауыр, дене қызуы көтерілмеген. Ем-дем коронавирус инфекциясының клиникалық хаттамасына сәйкес жүргіхіліп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек көлемі жеткілікті.
Өзгелердің жаңалығы