Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда “вакцинациялық рұқсатнама” 15 қаңтардан бастап енгізілуі мүмкін.
Санитариялық рұқсатнама қарастырылған жерлерге бару үшін вакцинация фактісін куәландыру қажет. Коронавирусқа теріс тест бұдан былай жеткілікті негіз болмайды, - деді елдің премьер-министрі Жан Кастекс.
Литвада 12 жастан асқан балалардан коронавирусқа қарсы вакциналау туралы құжат талап етіле бастады.
Балалар да ересектер секілді ойын-сауық мекемелеріне кірген кезде, ата-аналарымен бірге кафелер мен мейрамханаларға, бұқаралық іс-шараларға барған сәтте рұқсатнама төлқұжаты қажет етіледі.
Қытайдың Яньань қаласындағы мыңдаған адамға коронавирустың таралуына байланысты үйден шықпауға нұсқау берілді. Сиань қаласынан 300 км қашықтықта орналасқан Яньанда бұған дейін covid-19 салдарынан қатаң шектеу шаралары енгізілген, барлық кәсіпорындар мен компаниялардың жұмысы тоқтатылды.