Коронавирус. Ұшақта Миланнан келген қазақстандықпен бірге 90 адам болған

13 Наурыз 2020, 18:14
2017
Бөлісу:
Коронавирус. Ұшақта Миланнан келген қазақстандықпен бірге 90 адам болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Миланнан келген үшінші адаммен бірге ұшақта 90 адам болғанын айтты.

Тағы бір науқас анықталды, яғни үшінші науқас деп айтуға болады. Италияның Милан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурыз күні келді. Әйел адам. Зертханалық сараптама бойынша коронавирустық инфекция анықталды. Бұл азамат келгенде, біздің протокол бойынша әуежайдан тікелей карантинге жатқызылды, -дейді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде әйелмен байланыста болған адамдарға қатысты қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Онымен бірге ұшақта болғандардың саны – 90 адам. Жолаушылардың тізімі бізде бар. Оларға қатысты санитарлық шаралар іске асырылуда. Енді жақындарының байланыс нөмірлерінің анықтау керек. Оларды карантинге жатқызып, зерттеу жүргізетін боламыз, - дейді министр.

Бұған дейін елімізде Германиядан келген екі адамның және Миланнан келген бір адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Сонымен қатар, министр елде маска тапшылығы бар екенін айтты. 
Өзгелердің жаңалығы