Енді Мәжіліс ғимаратында жүргендер міндетті түрде маска тағып жүреді. деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент Іс басқармасының Медицина орталығының Бас санитариялық дәрігері Айгүл Темірғалиеваның қаулысына сәйкес 7 ақпаннан бастап коронавирустың алдын алу шаралары енгізілді. Қаулыға сәйкес ғимаратқа келетіндер маска тағуға міндетті.
Жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе бетперде режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.
Бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың коронавирустан емделіп жатқанын хабарладық. Ал күні кеше Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаевта да коронавирус анықталған болатын.