Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекция анықталған екі оқиға тіркелді.
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вирус анықталғандардың екеуі де 14 сәуірде Лондон-Петропавл рейсімен келген.
Коронавирусқа алынған сынамадан соң 20 жастағы студент пен 40 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Байланыс жасаушылармен жұмыс жалғасуда, - деді баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 14 сәуірде Петропавл Лондоннан ұшып келген рейсті қабылдаған. Ұшақта 95 қазақстандық азамат болған.