Коронавирус: Қытайда халықтың 80%-ға жуығы иммундалды

7 Қыркүйек 2021, 19:31
12022
Бөлісу:
Коронавирус: Қытайда халықтың 80%-ға жуығы иммундалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілі У Лянъю хабарлады, деп мәлімдеді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Бүкіл ел бойынша 2,113 млрд екпе жасалды, 1 компонентті алған азаматтар саны 1,095 млрд-қа жетті. Халықты қамту үлесі 77,6%-ды құрады. 969 миллион қытай азаматы коронавирустық инфекцияға толығымен егілді. 

COVID-19 анықталғаннан кейін, Қытай сыртқы және ішкі шекараларды бірден жауып тастады және қазір бұл ел бүкіл әлемде вирус жұқтырған адамдар саны бойынша 109-шы орында. 

Бүгінгі таңда коронавирустың 95 064 фактісі тіркеліп, 4 636 адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қыркүйектен бастап әлемде COVID-19 ауруы төмендей бастағанын айтады. 

Қыркүйектің бірінші аптасында 700 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушылары анықталған тамыздың соңғы күндерімен салыстырғанда әлемде аурушаңдық көрсеткіші төмендеді. 

Қазір орташа көрсеткіш 600 мың адам деңгейінде қалыптасты. 

SARS-CoV-2 вирусының таралу қарқыны Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Азия елдерінде төмендеді. 

ДДСҰ мәліметтері бойынша бүгінгі таңда әлемде 221 миллионнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталды.

Өзгелердің жаңалығы