Коронавирус: Қазақстанның Кореядағы елшілігі қабылдау кестесін өзгертті

4 Наурыз 2020, 15:42
1271
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстанның Кореядағы елшілігі қабылдау кестесін өзгертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы саяси ведомство өкілдігі енді аптасына 5 күн қазақстандықтарды қабылдайды.

Қазір Оңтүстік Кореяда коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқандар саны күн сайын артып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі Корея Республикасындағы азаматтарды қабылдау кестесін өзгертті. Мұндай шараны қазақстандықтардың бір жерге шоғырланбауы үшін жасалып отыр. 

Құрметті азаматтар! Консулдық бөлімге келушілер арасындағы байланыстарды азайту үшін азаматтар жаңа кесте бойынша қабылданады:

дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі  құжаттарды қабылдау 9: 00-ден 12: 00-ге дейін, құжаттарды тапсыру 15: 00-ден 16: 00-ге дейін. Осылайша, сәрсенбі және жұма күндері қабылдау күні болып табылмайды, - деп жазды Корея Республикасындағы Қазақстанның елшілігі Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, кеше Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілеріндегі орыстілді аккаунттар Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды деген ақпарат таратқан болатын. Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Айтуынша, Қазақстан азаматы Кореяда ешқандай вирус жұқтырмаған және дәрігерге жүгінбеген. Бар болғаны коронавирус анықталған кореялықпен бірге бір дәмханада болған.

Өзгелердің жаңалығы