Коронавирус кезіндегі шұғыл ота қалай жасалады?

7 Қыркүйек 2021, 17:47
21768
Бөлісу:
Коронавирус кезіндегі шұғыл ота қалай жасалады?

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға жедел ота қалай жасалатынын баяндады.

Олар соқыр ішектің қабынуы, цистома жарылуы және тағы да басқа жағдайлар. Коронавирус инфекциясы расталған науқасқа хирургиялық ота қажет болғанда, ол арнайы профильді жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.

Мұндай ота кезінде қосымша эпидемиологиялық ережелердің барлығы қатаң сақталады. Хирургтың қасында оның қимыл-әрекетін сөзсіз түсінетін сенімді көмекшісі, оталық медбике және анестезиолог болады.

Оталық команданың басты міндеті - науқасты аман алып қалу. ПТР-тестінің оң нәтижесі расталған, өкпесінің 75%-дан астам бөлігі зақымданған А. есімді 40 жастағы науқас Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына түскенде, жалпы әлсіздікпен қатар ішінің төменгі жағының ауыратындығына шағымданған. Қосымша тексеруден кейін пациент шұғыл түрде – оң жақ аналық без кистасы капсуласының қабыршақтануына лапароскопиялық цистэктомия отасын жасауға жіберілді. Лапароскопиялық әдіс науқастың тезірек қалпына келіп, сауығып кетуіне ықпал етеді, - делінген хабарламада.

Ота жасаушы дәрігерлер құрамы: хирург - Рустам Мақсұтов, ассистент - Әсем Жарқынбекова, анестезиолог - Мамуржан Юлдашов, оталық медбике - Захида Калашеева бар оталық топ 40 минутқа созылған шұғыл отаны сәтті аяқтады.

Отадан кейін науқас өзін қалыпты жағдайда сезінді, асқыну болған жоқ және төртінші күні үйге шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы