Коронавирус: Қазақстанда қанша мұғалім мен оқушы вирус жұқтырды?

26 Наурыз 2021, 16:14
1238
Бөлісу:
Коронавирус: Қазақстанда қанша мұғалім мен оқушы вирус жұқтырды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі күнге дейін қанша мұғалім мен оқушының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 

Министрлікте бүгінгі күнге дейін қанша оқушы мен мұғалімнің COVID жұқтырғаны туралы ақпарат бар ма деп редакциямыз брифингке қатысушыларға сауал жолдады.

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанова жауап берді.

Бүгінгі таңда 2 834 мұғалім, сондай-ақ 11 497 оқушы COVID-19-бен ауырды, - деп айтты ол.

Еске сала кетейік, бүгін елорда әкімдігінде тікелей эфирде өткен брифингте оқу жылы басталғалы 92 мектеп карантинге жабылғандығы айтылды.

Сондай-ақ оқу жылының басынан 25 наурызға дейін CОVІD-19 жағдайы бойынша оқушылар арасында 1590 жағдай тіркелді, оның ішінде 487 немесе 30,6%-ы оффлайн режимде, қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында - 69,4% немесе 1103 жағдай.   

Бұған дейін мектеп қандай жағдайда карантинге жабылатыны туралы да хабарлаған болатынбыз. Егер 1-2 коронавирус жағдайы анықталса, сынып және 3 және одан да көп жағдай тіркелсе, онда мектеп карантинге жабылады.

Өзгелердің жаңалығы