Коронавирус: Калифорнияда төтенше жағдай жарияланды

5 Наурыз 2020, 11:39
1810
Бөлісу:
Коронавирус: Калифорнияда төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Американың Калифорния штатында коронавирустың жаппай таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланды. 

Бұл туралы губернатор Гэвин Ньюсом хабарлады.

Баспасөз конференциясы кезінде Ньюсом штаттағы жағдайлар төтенше жағдай режимін жариялауға әкеп соққанын және аурудың таралуымен күрес үшін федералды ресурстар алу керегін мәлімдеді.

Штатта коронавирус жұқтырған 53 адам тіркелген. Сәрсенбі күні осы аурудан штатта алғашқы адам қайтыс болғаны белгілі болды. 

Калифорния билік өкілдерінің айтуынша, қайтыс болған адам Grand Princess круиз лайнерінде жұқтырған болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы