Коронавирус: Көкшетауда бір науқас тіркелді

1 Сәуір 2020, 18:32
1197
Бөлісу:
Коронавирус: Көкшетауда бір науқас тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетауда алғашқы адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мен бас дәрігер Сүлен Ілиясовтың қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

1962 жылы туған әйел Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың санитар қызметкері болып жұмыс істеген. Қазір онымен жақын байланыста 35 адам болғаны анықталып, олардың төртеуі отбасы мүшелері екені анықталып, барлығы түгел оқшауланды. Аталған жағдайға сәйкес эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп,  санитар әйелдің қандай себептермен вирустық инфекцияны жұқтырғаны анықталуда.
Өзгелердің жаңалығы