Коронавирус: Иракта өлімнің алғашқы жағдайы тіркелді

5 Наурыз 2020, 01:21
1534
Бөлісу:
Коронавирус: Иракта өлімнің алғашқы жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иракта коронавирустың жаңа түрінің (Сovid-19) алғашқы өлімі тіркелді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Ирактың Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде Күрд аймақтық әкімшілігінің (ИКАӘ) 4 наурыз күні Сүлеймания провинциясында 63 жастағы ер адам коронавирус ауруынан қайтыс болған.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, ер адам имам болған, ол денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға түскен. Оның жүрек-қан тамырларына қатысты сырқаттан зардап шегіп, үш рет ота жасағаны айтылады.

Иракта коронавирустық инфекцияның 32 жағдайы анықталды деп хабарланды.

Алғаш рет коронавирустың жаңа түрі (Сovid-19) 2019 жылдың 12 желтоқсанында Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында анықталды және қысқа мерзімде басқа қалалар мен елдерге таралды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың өршуін халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай деп таныды. 


Өзгелердің жаңалығы