КВИ симптомдары ауырып тұрғандарда жарты жыл бойы байқалуы мүмкін

11 Шілде 2021, 11:55
4372
Бөлісу:
КВИ симптомдары ауырып тұрғандарда жарты жыл бойы байқалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың арасында жөтел, ентігу, үнемі шаршағыштық, бас айналу мен ұйқысыздық байқалған. Мұны сигнапурлық инфекциялық аурулар ұлттық орталығының ғалымдары байқаған деп жазады Lenta.ru. 

COVID-19-дың жоғары аталған жөтел, ентігу, үнемі шаршап жүру, бас айналу мен ұйқысыздық секілді ұзаққа созылатын симптомдары оны жұқтырған соң алты ай бойы байқалуы мүмкін.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, мұндай белгілер ауру ағымының ауырлығына қарамастан анықталуы ғажап емес. Ғалымдар мұндай жағдай үшін жауап беретін қандағы ақуыздар жүрек-қантамыр ауруларына алып келу қаупі де жоқ емес екендігін алға тартуда.

Вирус бірінші кезекте зақымдайтын өкпеден басқа, өзге ағзаларға да айтарлықтай зиян келеді, - дейді ұлттық орталықтың сарапшыларының бірі. 

Оның сөзінше, кейбір пациенттерде қантамырлар, соның ішінде, әр ағзада болатын ұсақ тамырлар зақымданып, жалпы қанайналым жүйесінің бітеліп қалуына жалғасуы қатерін төндіреді.

Биылғы жылдың қаңтар айында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, постковидтік синдромға көбінесе 65 жастан асқан этникалық қытайлар ұшырапты. Алайда ғалымдар бұған әлі түсініктеме бере алмай отыр. Сонымен қатар, сарапшылар ұзаққа созылған симптомдар Сингапурдың әр оныншы тұрғынында анықталды деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы