Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір коронавирустық инфекция ел бойынша жаппай таралып жатыр. Осыған байланысты әр адамда сансыз сауал туындайды. Назарларыңызға өзекті деген 8 сұрақты ұсынамыз.
1. Неліктен ПТР нәтижесі оң болса да, ауруханаға жатқызуға болмайды?
Асимптоматикалық (яғни, белгілері жоқ) және жеңіл түріне шалдыққан (температура 38 градусқа дейін, қызару, тамақтың жыбырлауы, мұрын бітелуі, жөтел) науқастар ауруханаға жатқызылмайды. Оларды үйде дәрігерлер бақылайды. Қажет болса, 103 байланыс орталығына немесе тиісті емханаңызға қоңырау шалыңыз.
2. Ауруханаға кім жатып емделеді?
ПТР нәтижесі оң, жағдайы орташа және ауыр халдегі науқастар (температура 38 градустан жоғары, ентігу, жалпы әлсіздік, пневмония).
3. Жедел жәрдем келмей жатса, не істеу керек?
103 нөміріне қоңырау шалып, байланыс орталығына қосуды сұраңыз, онда дәрігерлер кеңес береді.
4. Тестті кім тапсыруы керек?
Тестті жіті респираторлық-вирустық инфекция белгілері бар, вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандар тапсыруы керек (температура, жөтел, ауру, қалтырау, әлсіздік, өкпедегі сырыл, тыныс алу) 103 немесе 1406 байланыс орталықтарына хабарласу қажет.
5. Тегін ПТР кімге тиесілі?
Тегін тестілеу ЖРВИ/КВИ белгілері бар адамдар мен вирус жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандар үшін қарастырылған.