Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен тағы 7 науқас қайтыс болды, деп хабарлады ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
Алматы қаласында - 1951, 1928, 1936 жылы туған әйел адамдар.⠀
Ақмола облысында - 1953, 1931 жылы туған ер азаматтар және 1963, 1952 жылы туған әйел адамдар.
⠀
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
⠀
Қазақстан бойынша барлығы 134 адам қайтыс болды.