Коронавирус: ІІМ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады

19 Наурыз 2020, 18:53
1461
Бөлісу:
Коронавирус: ІІМ қызметкерлері бір күндік жалақысын аударады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, COVID-19-ға қарсы күреске және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет етуге қажетті медициналық шараларды іске асыруға 400 миллион теңге жұмсалады.

Офицерлік және сержанттық құрам, министрліктің және оның бөліністерінің мемлекеттік қызметшілері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақыны аударуды ұсынды. Біз полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.  

Өзгелердің жаңалығы