Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Майкрософт" компаниясының негізін қалаушы, миллиардер және филантроп Билл Гейтс СOVID-19-ды емдеуге арналған тиімді дәрі-дәрмектер 2020 жылдың аяғында өлім-жітім көрсеткішін едәуір төмендетеді деп санайды. Алайда қоғамды қалыпты өмірге қайтаруда тек вакцина шешуші рөл атқарады, деп хабарлады CNBC.
Коронавирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің айтарлықтай емдік пайдасы бар. Сондықтан менің ойымша, жыл соңына қарай жаңа құралдардың үйлесімінің арқасында өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеуі мүмкін, - деді Гейтс.
Гейтс Эбола безгегімен күресу үшін жасалған "Ремдесивир" препараты зерттеу барысында коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуде жетекші дәрілерінің бірі болғанын еске салды. Gilead Sciences компаниясының өнімі дерті аса ауыр науқастар өлімінің 62%-ға төмендегенін көрсетті.
Сонымен қатар, "Ремдесивир" сияқты көктамыр ішіне емес, ауызша қабылдауға болатын тағы екі вирусқа қарсы препарат сынақтан өтеді.
Алайда, миллиардер дәрі-дәрмек қол жетімді болған кезде адамдардың вакцинация қажеттілігі туралы хабардар болуының маңыздылығын атап өтті.
Адамдар фактілерді саралап, біздің қиын шақта бірге екенімізді түсінеді деп үміттенемін. Біз бір-бірімізді маска тағу арқылы қорғауымыз керек. Нәтижесінде вакцинаның арқасында ұжымдық иммунитет қалыптасады деген ойдамын, - деді Билл Гейтс.
Бұған дейін Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс және әйелі Мелинда екеуінің қоры жаһандық вакциналар мен иммундау альянсына коронавирусқа қарсы вакцинаның дамуын тездету үшін қаражат бөлген болатын.