Коронавирус: Бекшин уақытша Оңтүстік Кореяға бармауға шақырды

24 Ақпан 2020, 16:40
1966
Бөлісу:
Коронавирус: Бекшин уақытша Оңтүстік Кореяға бармауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бас санитар Жандарбек Бекшин қазақстандықтардан коронавирус өршіп жатқан елдерге бармауды сұрады.

Жандарбек Бекшин Қытайда коронавирус ахуалы жақсарып жатқанымен, басқа елдерде жұқтырғандар саны жиілеп кеткеніне алаңдайтынын мәлімдеді. 

Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Италия, Сингапур, Малайзия, Тайланд, Австралия т.б. елдерге саяхат жоспарлаудың қажеті жоқ. Круизде (Dіаmond Princess лайнерінде) болғандай карантинде қалып қоюы мүмкін. Көптеген жерлесіміз емделуге Оңтүстік Кореяға барады. Бірақ денсаулығына байланысты иммунитеті төмен болады. Сондықтан әзірге бұл елдерге сапарды жоспарламауды сұраймыз... Басқа елдер де коронавирус өршіп жатыр. Мұндай елдерді де бақылап отырмыз, - деп мәлімдеді бас санитар Бекшин.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, елдегі жағдай тұрақты. Бас санитардың өзі өткен аптада Қытаймен шекараны толық тексеріп шыққан.

Елімізде жағдай тұрақты, коронавирус тіркелген жоқ. Өткен апта Қытай Халық Республикасының шекарасын қарап шықтым. Теміржол өткелдері, автокөлік өткелдерін де араладым... Тәулік бойы шекарамыз тексерілуде. Қазір Қытай Халық Республикасынан ресми түрде құжатпен келіп жатқан азаматтар жоқ, - деді Жандарбек Бекшин.

Өзгелердің жаңалығы