Коронавирус. Әзірге ешбір өңір «қызыл» аймаққа кірген жоқ

10 Шілде 2022, 18:11
1792
Бөлісу:
Коронавирус. Әзірге ешбір өңір «қызыл» аймаққа кірген жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, әзірге ешбір өңір «қызыл» аймаққа кірген жоқ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Ауырып, ем қабылдап жатқандардың ішінде 291 пациент стационарда, 2 219 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 14 адамның жағдайы ауыр, 0 пациенттің жағдайы өте ауыр, 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа ешбір өңір кірген жоқ. «Сары» аймақта: Алматы қаласы. Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта қалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы