Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың дебюті кейінге қалды.
Спортшының менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты Лондондағы турнирдің өтетін орны өзгерген.
Өкінішке қарай, вирусқа байланысты Лондондағы турнир АҚШ-қа ауыстырылды. Шавкаттың жұмыс визасы болмағандықтан, оның жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы маған бір сағат бұрын хабарлады. Шавкат бұл туралы әуежайда білді, - деп жазды Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, UFC-мен келісімшарт жасасқан алғашқы қазақстандық Рахмонов ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін 21 наурызда Лондондағы Fight Night 171 турнирі аясында өткізуі керек болған. Қарсыласы поляк Бартон Фабински болған еді.