Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Еуразия арнасындағы "Basty Prime" эфирінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріпке министр Елжан Біртанов телефон арқылы хабарлады.
Қауіпті ауруды жұқтырған 1986 жылғы қыз 15 наурызда оңтүстік астанаға Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келген. Бірге ұшып келген 163 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды.Еске сала кетейік, Қазақстанда сырқаттар саны 8 адамға жеткені туралы осыған дейін хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Алматыда коронавируспен ауырған әйел өзімен байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.