Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Ресей вирусқа байланысты экономикалық проблемаларды шешу жолын бірлесе іздеуге дайын. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайты хабарлайды.
Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев коронавируспен байланысты экономикалық проблемаларды шешудің бірлескен жолын талқылауды ұсынды.Қасым-Жомарт Тоқаев және Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен соң Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары кездесу қорытындысын тілшілермен бөлісті. Оның айтуынша, өңірлік мәселелермен қатар жаһандық проблемалар да көтерілген.
Мен бұл мәселелерді Қауіпсіздік кеңестері деңгейінде талқылауды ұсындым. Үкімет деңгейінде де көтерілуі тиіс. Қажеттілік туындаса экономикалық проблемаларды бірлесе шешу жолын табу керек. Коронавирус қаупін осыдан бір жарым-екі ай бұрын ешкім болжамаған еді. Ал қазіргі уақытта індет әлемдегі экономикалық процестердің дамуына кері әсерін тигізіп жатыр, - деді Дмитрий Медведев.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездескен болатын.
Оқи отырыңыз: