Коронавирус: Қарағанды облысында үй карантинінде 1643 адам бар

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған&nbsp; жаңа 2 жағдай тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.</h4>

 12 Сәуір 2020 2020, 13:14
12 Сәуір 2020 2020, 13:14
1547

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған  жаңа 2 жағдай тіркелді, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Ауру жұқтырғандардың 2 жаңа жағдайы тіркелді. Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты  карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адам. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген хабарламада.

12.04.2020ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 65 адам анықталды.

Қарағанды облысында үй карантинінде  1643  адам бар, ал стационарлық карантинде тәулік бойы бақылауға - 725 пациент алынған.


Наверх