COVID-19: АҚШ ғалымдары ерекше вакцина жасады

24 Тамыз 2020, 19:53
1311
Бөлісу:
COVID-19: АҚШ ғалымдары ерекше вакцина жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың бір топ зерттеушілері коронавирусқа қарсы назальды вакцинаны жасап шығарғандарын мәлімдеді.

Бұл туралы Cell журналында жазылды.

Препаратты мұрын арқылы организмге жібергеннен кейін ол коронавирусқа қарсы әсер ете бастайды. Бұл вакцинаны Сент-Луистегі Вашингтон университеті медициналық мектебінің ғалымдары ойлап тапты.

Басылымның мәліметінше, вакцинаның бір дозасы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарында көп мөлшерде антиденелерді пайда болуына септігін тигізеді, - делінген хабарламада.
Ғалымдардың айтуынша, препарат инфекцияның берілу қаупін төмендетіп, пандемияның таралуын бәсеңдетеді.

Әзірге вакцинаны тек тышқандарда ғана сынап көрді.

Препарат мына принцип бойынша әрекет етеді: тұмауды қоздыратын аденовирусқа ғалымдар S-нәруызын қосқан. Ол жасушалардың коронавирусты жұқтыруына әсер етеді. Нәруыздың өзін мутациялаған. Ол өз кезегінде SARS-CoV-2 антиденелерінің пайда болуын туындатады. Бұл ретте аденовирус та қауіпсіз күйге еніп, S-нәруызын тасымалдаушы ретінде ғана қызмет етеді.

Америкалық вакцинаның әсер ету механизмі бұған дейін тіркелген ресейлікке ұқсас келеді. Ресейлік вакцинада да аденовирус бөлшектерімен біріктірілген коронавирус элементтері енгізіледі. Бұдан кейін COVID-19-ға мықты әрі тұрақты иммунитет пайда болады. Ал аденовирусқа шамалы әлсіздеу иммунитет қалыптасады.
Өзгелердің жаңалығы