Коронавирус: Алматыда ТЖ режимін енгізудің қажеті жоқ

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифинг барысында Алматыда ТЖ режимін енгізудің қажеті жоқ екенін айтты.</h4>

 13 Наурыз 2020 2020, 16:40
13 Наурыз 2020 2020, 16:40
1615

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің денсаулық сақтау министрі ОКҚ-да өткен брифинг барысында Алматыда төтенше жағдай режимін енгізудің қажеті жоқ екенін айтты.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай жариялау туралы шешімді жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыс әкімдері қабылдайды. Әрине, біз бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен қазіргі уақытта төтенше жағдай режимін енгізудің қажеті жоқ. Егер біз тағы науқастар бар екенін анықтасақ, онда мұндай шешім қабылдануы да мүмкін, - деді Елжан Біртанов.

Наверх