Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылдың 18 сәуір күні қалада коронавирустық инфекцияның 665 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Вирус анықталған 665 адамның 588-де симптомдық белгілері бар және 77 симптомсыз. Кеше емделіп шыққандар саны – 61, келіп түскендер саны – 222.
Барлық инфекциялық стационарда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 4 014 адам (оның ішінде 110 балалар) орналасқан, 896 науқастың жағдайы аса ауыр дәрежеде, ал ауырлығы орташа адамдар – 3 118. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 245 науқас бар, бос төсек-орын саны – 205, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мәліметте 6 246 науқастың амбулаториялық бақылауда екені айтылады, оның ішінде 5 475 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 771 симптомсыз.
Өткен тәулікте Алматы қаласында 3 050 адам вакцина салдырған. 1 ақпаннан 18 сәуірге дейін қалада барлығы 134 484 адам вакцина салдырған.
Бүгінгі таңда 203 вакцинация пункті жұмыс істеп тұр, 406 вакцинация бригадасында 1809 медицина қызметкері жұмылдырылды, - делінген хабарламада.