Коронавирус. Алматыда кеше 2 мыңдай адам ревакцинациядан өтті

21 Шілде 2022, 14:10
1149
Бөлісу:
Коронавирус. Алматыда кеше 2 мыңдай адам ревакцинациядан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда коронавирустың өршуіне байланысты инфекциялық стационарларда төсек-орын жүктемесі 500-ге дейін артты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше қалада 650 адамнан коронавирус анықталған. Оның 633 симптомдық белгілері бар және 17 симптомсыз.

Инфекциялық стационарларда 500 төсек-орын жүктемесі бар,  жалпы 216 пациент ем алып жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  1 науқас ем алып жатыр. БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 297 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3 080, симптомсыз 217 науқас,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 450 адам, II компонетін 703 адам салдырған.  Ал, ревакцинациядан өткендер саны -  1 971 адам.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 85 вакцинация пункті жұмыс істейді. 99 вакцинация бригадасында 313 медицина қызметкерлері жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы