Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қаладағы эпидахуал жайлы баяндады.
Оның айтуынша, Алматы өзге өңірлер сияқты эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының «жасыл» аймағында тұр. Вирустың таралуы да төмендеген.
Өткен тәулікте КВИ-дің 15 жағдайы тіркелді, бірақ бұл демалуға және карантиндік шараларды елемеуге себеп болмайды. Барлығын жабық бөлмелерде Маска режимін сақтауға шақырамын, себебі бұл талап міндетті болып қала береді, - деді Ә. Қалықова.
Сонымен қатар ол қаладағы сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі қолданыстағы шектеулердің, соның ішінде Ashyq жобасы бойынша шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік берген. Әсел Қалықова қала тұрғындары үшін КВИ-ден вакцинациялау және қайта вакцинациялау әлі де маңызды екенін атап өтті. Иммундық қабатқа кемінде 75-85% жету керек, ал қаланың имундық қабаты қазір 60 пайыз көлемінде.
Бүгінде вакциналық профилактика жұқпалы және паразиттік ауруларға, соның ішінде коронавирусқа қарсы негізгі қорғаныс шарасы болып табылады, - деп атап өтті СЭБД басшысының орынбасары.
Эпидемиолог ревакциналануды кешіктірмеу, маска режимін сақтау, дезинфекцияны жүргізу және әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды екенін атап өтті.