Коронавирус: Алматы облысында тіркелген 7 жағдай бойынша мәлімет

30 Наурыз 2020, 14:46
1470
Бөлісу:
Коронавирус: Алматы облысында тіркелген 7 жағдай бойынша мәлімет

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгін Алматы облысында тағы 1 азаматтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан анықталған.
 
29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды,-делінген хабарламада.

2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ-мен ауырған 7 науқас тіркелген.
Өзгелердің жаңалығы