Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлемде коронавирус инфекциясы әлі де тіркелуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, соңғы аптада жалпы алғанда, әлемде сырқаттанушылықтың 3 пайызға төмендегені байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі Америкада және Тынық мұхитының батыс бөлігінде, соның ішінде Австралия, Вьетнам, Камбоджа, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Корея, Сингапур, Жапонияда байқалады. Қалған 4 өңірде – Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Африка, Шығыс Жерорта теңізінде сырқаттанушылық 16 пайыздан 36 пайызға дейін төмендеді, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.
Айтуынша, коронавирустың Омикрон штамы әлі де басым.
Соңғы аптада әлемнің 54 елінде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, оның ішінде Грузияда соңғы аптада сырқаттанушылық 71%-ға, Молдовада 31%-ға, Румынияда 16%, Германияда 4%-ға, Үндістанда 3%-ға, Әзербайжанда 3%-ға өскені байқалады. COVID-19 штаммының Омикрон нұсқасы әлемде айналымда жүрген басым нұсқа болып отыр. Зерттелген үлгілердің 87%-ы осы нұсқаға, оның ішінде ВА.5 – 70,0%, ВА.4 – 2,0%, ВА.2 – 9,6%, BQ.1 – 36%-ы тиесілі, - деді Айжан Есмағамбетова.