Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 13 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Оған сәйкес, ел өңірлерінің барлығы бұрынғыша «жасыл» аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары.