Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 наурыздағы мәлімет бойынша, 10 716 адам коронавирус инфекциясынан (9 676 КВИ+ және 1 040 КВИ-) емделіп жатыр.
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында жарияланды.
Олардың ішінде:
945 пациент стационарда;
9 771 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
89 адамның жағдайы ауыр;
26 пациенттің жағдайы өте ауыр;
18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.