Коронавирус: 25 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр

9 Тамыз 2020, 11:07
1109
Бөлісу:
Коронавирус: 25 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 09.08.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 182 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 108 бала бар. Стационарларда 5 021 науқас жатыр. 20 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады, - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы