Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 наурыздағы ақпаратты жариялады.
16 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 375 адам коронавирус инфекциясынан (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 163 пациент стационарда, 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 239 адамның жағдайы ауыр;
• 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 36 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.