Коронавирус: Елімізде тағы 22 науқас анықталды

18 Сәуір 2020, 17:27
1047
Бөлісу:
Коронавирус: Елімізде тағы 22 науқас анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

ҚР ДСМ баспасөз қызметі Қазақстанда коронавирус бойынша 18 сәуір сағат 17:25-тегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 22 адам тіркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 15, Алматы облысына - 2, Шымкент қаласында - 1, Павлодар облысында - 1, Алматы қаласында - 1, Ақтөбе облысында - 2, - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 365 адам, Алматы қаласында – 505 адам, Қарағанды облысында - 89 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 76 адам, Жамбыл облысында - 58 адам, Шымкент қаласында - 58 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 41 адам, Ақтөбе облысында - 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 18 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 39 адам, Түркістан облысында - 57 адам, Қостанай облысында - 9 адам, жалпы 1615 науқас тіркелді.



Өзгелердің жаңалығы