Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ елде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 20 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
20 сәуірдегі мәлімет бойынша 1 791 адам коронавирус инфекциясынан (853 КВИ+ және 938 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 679 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 10 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.