ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен Министрліктің мамандандырылған департаменттері басшыларының қатысуымен Король Салман атындағы құтқару және гуманитарлық көмек орталығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құттықтау сөзінде вице-министр өзара құрмет пен өзара сенімге негізделген денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Сауд ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Вячеслав Дудник Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық көмек орталығының өкілдеріне Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жіберілген медициналық жабдық (томограф, рентген жүйесі, ультрадыбыстық жүйе) түрінде гуманитарлық көмек көрсетуді қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Вячеслав Дудник екі елдің медициналық білім және ғылым ұйымдарының арасындағы әріптестік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, медициналық кадрлармен алмасуға мүдделілігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша онкология, кардиохирургия және басқа да қазақстандық мамандарға арналған мастер-кластар, оқыту тренингтерін өткізу, пациенттерді диагностикалау мен емдеу, денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасу және жетістіктер туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.